Хиджаб киген Ақерке Бүркітбай елді таңғалдырды (фото)
Жарияланған күні:
Әли Оқаповтың келіншегі Ақерке Бүркітбай бүгінде Біріккен Араб Әмірлігінде демалып жатыр. Өнер иесі демалысы барысында хиджаб киіп, Әбу-Дабидегі әйгілі мешітке барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әнші ару жаңа образын Instagram парақшасында паш етті. Онда оранып алған Ақерке Бүркітбайдың "Шейх Заид" мешітінің алдында тұрғанын көруге болады.
Өнер иесі оқырмандарымен қасиетті жерден алған әсерін бөлісті.
"Ол жердің түбіне жетеді. Мен көрген керемет пен сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес",- деп жазды ол.
Желі қолданушылары әртістің хиджаб киіп алғанына таңғалып, оған қатысты өз пікірлерін жаудырған.
"Мына хиджаб саған қалай жарасады!", "Бақытты бол жаным. Сен өте ақылды қызсың. Әлимен бақытты өмір сүр, Алла тағала саған бақыт берсін", "Біздің аруымыз", "Өте тәрбиелі, сабырлы қыз екенсіз, табиғи сұлулығыңыз бар", "Жақсы демалыңыз", "Сұлу екенсіз" , - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969811-xidzab-kigen-aqerke-burkitbai-eldi-tangaldyrdy-foto/