"Мен жоғарыдан қарап тұрамын деді": Тамара Асар марқұм әкесін есіне алды
Жарияланған күні:
Әнші Тамара Асар желіде марқұм әкесіне жантебірентерлік жазба арнап, ол жайлы естеліктерін бөлісті. Өнер иесі бала кезінен бері әкесімен көп сырласқанын алға тарты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Тамара Асар әкесіне арнаған әсерлі жазбасын Instagram парақшасында жариялады.
"Әке, мен сенің жүзіңнен төгілген нұрдың тамшысымын. Бүгін менің әкемнің күні. Бірде әкем ауылдағы үйдің айналасын реттестіріп жатсақ, мына жерге былай, мына жерді былай деп, бізге тапсырма беріп жатыр. Менің жүрегім "зуу" ете қалды. Әкемді тәте деп атайтынмын.
"Тәте, қайда асықтыңыз? Жаман нәрсе айтпаңызшы" деп едім. "Әй, қарағым, мәңгілік ешкім де, ешнәрсе де жоқ. Аллаға қайтар күні бар әр пенденің. Мен ораза айында, жұма күні қайтам ғой. Халқым, елім патшадай ғып өздері шығарып салады Алла қаласа" деді аспанға қарап, риза болып жымиып.
"Сіз кетсеңіз, қалай ән айтамын?" дедім. "Саспа балам, мен кеткенде сен бұрынғыдан да күштірек айтатын боласың, мен жоғарыдан қарап тұрамын" деді ол", - деп жазды әнші.
Өнер иесінің сөзінше, әкесі өзі ескерткендей дәл ораза айында, жұма күні өмірден озған.
"Өзі айтқандай, 17 мамырда, ораза айында, жұма күні көз жұмды. Сонымен 19 жылдың 19 мамыр күні, иін тірескен халық, ағайын-туыс, жекжат-жұрағат, жергілікті басқарма тұлғалары мемлекет басшысының көңіл айту хатын оқып, ресми жиын, Ақтәтемнің бізге өзі реттеткен ауласында, өзі дайындатқан қазандығынан ас беріп, мәңгілік сапарға шығарып салдық.
Бәрі сол кісінің айтып кеткеніндей дәл келді. Мен әкеммен көп сырласатынмын. "Мені есіңе алғанда жылап емес, жымиып еске алуға тырыс" деген еді. Ақтәтем, жаныңыз жәннантта шалқысын", - деп жазды Тамара Асар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969869-men-zogarydan-qarap-turamyn-dedi-tamara-asar-marqum-akesin-esine-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.