Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты жүрексіндім": Рүстем Жаныаманов кинода Дариға Бадықовамен жұп болудан қорыққанын жасырмады

Жарияланған күні:

Дариға Бадықова мен Рүстеим Жаныаманов
Фото: Instagram/dariga_badykova

"Келінжан" телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдаған актер Рүстем Жаныаманов картинадағы жұбы Дариға Бадықовамен бір киноға түсуге қатысты пікірін айтты. Өнер иесі актрисаның күйеуін сомдайтынын білгенде қатты қорыққанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Рүстем Жаныаманов бастапқыда Бадықоваға "сен" деп сөйлеуге бата алмай жүрген.

"Кішкене жүрексіну болды. Өйткені ол кісі менің "старшагым". Ұстазымыз бір кісі, марқұм Болат Атабаевтан дәріс алдық. Ол кісі біздің алдымызда оқып кеткен, кейін біз түстік. Бірақ "Ақсарай" театрына барып, қосымша бірге жұмыс істедік. Кейін сол кісінің күйеуі болып ойнайсың дегенде қатты жүрексіндім. 

Ол кісі барған кезде: "Екеуміз ойнайды екенбіз. Сен менің күйеуім боласың. Рөліңе ойланып келген шығарсың" деді. Басында "сіз" деп сөйлейтінмін. "Сен деп сөйле, екеуміз образға кірейік" деді. Оған тілім бармайды. Жасының үлкендігі бар. Сосын үйреніп кеттім", - деді актер "НТК" арнасына берген сұхбатында.

Өнер иесі фильмдегі жұбына тек екінші маусымда үйренгенін айтты.

Оған қоса Жаныаманов кәсіби тұрғыда Дариға Бадықованың өнерін өте жоғары бағалайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969871-qatty-zureksindim-rustem-zanyamanov-dariga-badyqovamen-kinoga-tusu-turaly-aitty/