Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айтуға болар еді": Бағлан Әбдірайымов жобаға қатысқан қызына неге көмектеспегенін түсіндірді

Жарияланған күні:

Бағлан Әбдірайымов қызымен
Видеодан кадр: Youtube/Qazaqstan TV

Әнші Бағлан ӘБдірайымов "Қазақстан дауысы. Балалар" байқауына қатысып, өз бағын сынаған қызы жайлы айтты. Өнер иесі перзенті сүрінсе де, әділ қазыларға соңына дейін әкесінің кім екенін айтпағанына риза болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бағлан Әбдірайымов қызының сайысқа өз күшімен қатысқанын дұрыс деп санайды. Әншінің өзі де қазылар арасында болса, перзентіне "әділ бағасын берер едім" деді.

"Әділ-қазылар алқасының қатарында отырсам, мен де осылай әділ бағасын берер едім. Айтуға да болар еді. Барлығы өнердегі аға-бауыр, достарым ғой. Бірақ көзі қырағы, шын өнерді түсінетін тыңдармандардан ыңғайсыз болады. Өйткені эфирге дейін Айқаракөздің кімнің қызы екені айтылды. Егер бірден қарап, өткізіп жіберсе, әңгімеге ұшырайсың. "Міне, қыз кішкене қобалжып еді. Бағланның қызы болғаннан кейін өтіп кетті. Біздің таныс-тамырымыз болмағандықтан, балаларымыз өте алмады" деп сынға қалар едік", - деді ол "1001 түн" бағдарламасында.

Сондай-ақ Бағлан Әбдірайымов балаларының мамандық таңдауына ешқандай шектеу қоймайтынын айтты.

"Балалардың балалық шағын ұрламау керек. Арманына, қиялына шектеу қоймау керек деп ойлаймын. Қазір ән айтқысы келіп тұрғанмен, әлі мың құбылады. Мен өзім бала кезімде спортшы, журналист болғым келді. Әскери оқуға түскім келді. Сол сияқты қызым бүгін әнге қызықса, ертең дизайнерлікке не спортқа қызығуы мүмкін. Қазір математика мен ағылшыны жақсы. Сондықтан өзі таңдайды" - деді әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969880-aituga-bolar-edi-baglan-abdiraiymov-zobaga-qatysqan-qyzyna-nege-komektespegenin-tusindirdi/