Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасова мен Ринат Гайсин Батырхан Шүкеновтің анасымен кездесіп қайтты (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова мен Ринат Гайсин Батырхан Шүкеновтың анасымен
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Әнші Мадина Сәдуақасова мен композитор Ринат Гайсин қазақтың біртуар жұлдызы Батырхан Шүкеновті еске алып, Қызылордада оның құрметіне ұйымдастырылған шараға қатысып қайтты. Өнер иелері марқұм әртістің анасымен көріскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мадина Сәдуақасованың Instagram парақшасынан белгілі болды. Ол Қызылорда қаласындағы сапарынан суреттер жариялап, халықпен бөлісті.

Өнер жұлдыздары Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығына орайластырылған шараларға қатысып, қазақ эстрадасының дүлділін еске алды.

Сонымен қатар әртістермен қоса аталмыш шараларда Шүкеновтің анасы да бой көрсеткен.

"Бүгін Батырхан Шукеновтің туған күні, 60 жылдығына орай туған жерінде Қызылорда қаласында көптеген шаралар өтті.

Соның ішінде "Отан Ана" Республикалық байқауы. Қазылар алқасының төрағасы Ринат Гайсин, Диная, Қайрат Баекенов, Сәбит Ұлықпанұлы болды. Екі турдың нәтижесі бойынша бас жүлдені Ақбота есімді ару жеңіп алды.

Құттықтаймыз шын жүректен! Батырдың бейнесі, музыкасы, үні, дауысы, әндері мәңгі жүрегімізде. Дилара анамызға мықты денсаулық, күш қуат тілейміз", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970022-madina-saduaqasova-men-rinat-gaisin-batyrxan-sukenovtin-anasymen-kezdesip-qaitty-foto/

pixel