Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұрысып қалғанбыз": Ерке Есмахан Төреғалимен дуэті туралы бар шындықты айтты

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан өнердегі әріптесі Төреғали Төреәлімен орындаған атышулы "Алло" әні туралы айтып берді. Сөзінше, аталмыш дуэт екеуіне де танымалдылық әкеліп, халықтың ыстық ықыласына ие болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында айтып берді. Өнер иесінің "Ұлы дала баласымен" жазған дуэті рекорд жаңартып, тыңдарманның ерекше махаббатына бөленген.

Ерке мен Төреғали де "Алло" әнінен кейін халықтың сүйікті әншісі болып шыға келді.

Сонымен қатар Ерке Есмахан аталмыш туындының бейнебаянын түсірген кездегі қызықтарын да айтып берді.

Ерке Есмаханның Stories-і
Скриншот: Instagram/erke_esmahan

"Екі айға созылған клиптің түсірілімі айқай-шу болды. Төреш екеуміз ұрысып қалғанбыз. Әйтеуір шығара салайықшы дегенімізді тизердің жазуынан байқап тұрған шығарыздар. Бірге суретке түсейік десек ұрысып қалғанбыз. Араласпаймыз. Ақыр-соңы ән жарыққа шықты. Клип "Гәкку" арнасында рекорд орнатып, бір айда үш миллион қаралым жинады. Бейнебаянның топ жарғаны былай тұрсын, әннің өзі қандай хит болып кетті. Содан кейін Қазақстанды аралап гастрольдік сапарға шықтық.

Ерке Есмаханның Stories-і
Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Әр қалада күніне үш-төрт концерт бердік. Домбырамен "Алломызды" орындап, халықтың қошеметіне бөлендік. Концерттер екі айға созылды. Төреш екеуіміз дос, сырлас, әріптес, бауыр болып кеттік. Аллаға шүкір халықтың ұл-қызы болып шыға келдік.

Сол 2015 жылдан бастап басымыздан не өтпеді? Дуэт сәтті болды. Одан кейін әрқайсымыз өз шығармашылығымызбен айналыстық. Құдайға шүкір. Төреш досым, тек жақсылық тілеймін, аман бол", - деп жазды Ерке.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970034-urysyp-qalganbyz-erke-esmaxan-toregalimen-dueti-turaly-bar-syndyqty-aitty/