Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова қызына арнап бейнебаян түсірді (видео)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова кішкентай қызына арнап бейнебаян түсірді. Ол перзентіне арнаған әнін "Кішкентай жүрегім" деп атады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Эстрада жұлдызы жаңа әнінің тұсауын Instagram парақшасында кесті. Байырбекова жаңа туындысының бейнебаянына өзінің қызын Дараны түсірген.

"Кішкентай жүрегім" атты әнімнің бүгін бейнебаяны шықты. Кішкентай ғана жүректеріңізге арналған әнді қабыл алыңыздар", - деп бөлісті әнші. 

Желі қолданушылары бейнебаянның әдемі де әсерлі шыққанын айтып, тәнті болды. 

"Қандай тәтті қыз", "Клип керемет шығыпты", "Бейнебаян да, ән де жақсы екен", "Дара өсіп қалыпты. Көз тимесін сіздерге", "Жазира осындай әндермен қуанта беріңіз", "Жаңа туындыңыз көңілімізден шықты", "Ән керемет екен. Өте мағыналы ән",- деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970062-zazira-baiyrbekova-qyzyna-arnap-beinebayan-tusirdi-video/

pixel