Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дастан Оразбеков көпшілікке анасы мен бауырларын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Дастан Оразбеков отбасымен
Фото: Instagram/dastanello

Әнші Дастан Оразбеков желіде ерекше отбасылық суреттерін жариялап, елдің жылы лебізіне ие болды. Өнер иесі көпшілікке анасы мен бауырларын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дастан Оразбеков жанұясымен жасаған фотосессиясын Instagram парақшасында бөлісті. Онда әртістің анасы мен туған бауырларының қасында тұрғанын көруге болады.

Желідегілер олардың өзара бір-біріне қатты ұқсайтындарын жарыса жазуда.

Сонымен қатар өнер иесі анасына аса әсерлі жазба арнаған. Ол ер азаматтарды барша әйел затына сыйластық танытып, қолдан келгенше қамқорлық жасауға шақырды.

"Ана — шартсыз махаббаттың үлгісі. Баласынан ақ сүті мен тәлім-тәрбиесін аямайтын, перзенті үшін отқа да, суға да түсуге дайын, барлық жақсылықты баласына тілейтін ана - көктен жерге түскен Алла тағаланың мейірімі мен махаббатын айғақтауға келген бірден бір жандай. Анаң - сенің ұнамсыз қылықтарыңды біле тұра, жақсы қасиеттеріңді бағалап, мақтайтын, мәңгі айнымас жанкүйерің, жатса да, тұрса да тілейтіні тек сенің тілеуің.

Ананың баласына жасаған жақсылығының өтеуін ешбір адам қайтара алмайды, тіпті "Меккеге арқалап апарсаң да, қайтара алмайсың" дейді білетіндер.

Ана өз баласын тәрбиелей отырып, бүкіл қоғам тәрбиесіне де үлес қосады. "Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді" деп халқымыз ананың осы  атқаратын рөлін ерекше бағалаған. Бұл адамзаттың қандай болатынына тікелей ананың қатысы бар екенін, оған тікелей әсер ететінін көрсетеді.

Ананың ақ сүтіне тойып, мейіріміне сусындап, бақытқа кенеліп өскен баланың әлемге берері мейірім мен сүйіспеншілік болатынын ғалымдар да айтып жүр. Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан.

Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, барлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970089-dastan-orazbekov-kopsilikke-anasy-men-bauyrlaryn-korsetti-foto/

pixel