Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлнұр Оразымбетова туған күнін қалай атап өтті (видео)

Опубликовано:

Гүлнұр Оразымбетова
Гүлнұр Оразымбетова. Фото: instagram.com/gulnurorazymbetova/

Әнші Гүлнұр Оразымбетова жаңа жасын ерекше қарсы алып, туған күнін ет-жақындарымен бірге атап өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлнұр Оразымбетова туған күнін жақын құрбыларының ортасында ғана тойлауды шешкен. Эстрада жұлдызы жан достарының басын қосып, елордалық мейрамханалардың бірінде оларға дастархан жайып берген.

"Туған күннің себебімен әбден билеп алдық. Әдемі күнде, әдемі кеште жанымнан табылған құрбыларым, рахмет сендерге. Бар болғандарың үшін, қолдағандарың үшін, менімен бірге қуана білгендерің үшін алғысым шексіз. Аяқ астынан осылай кеш жасап жібереміз", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Әншіні жаңа жасымен Алтынай Жорабаева, Мөлдір Мұқанова, Қарақат Әбділдина, Сара Тоқтамысова секілді жұлдызды қонақтар да құттықтап келген.

Оразымбетованың құрметіне жиналған көпшілік бірге көңіл көтеріп, туған күн иесіне ақ тілегін жолдады. Әртістің құрбылары ән айтып, оған сыйлықтарын тарту етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970247-gulnur-orazymbetova-tugan-kunin-qalai-atap-otti-video/

pixel