jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Нұрғали Нүсіпжанов: Бибігүл Төлегенованың алдында ән айтқанда қатты толқимын

    Нұрғали Нүсіпжанов пен Бибігүл Төлегенова
    Видеодан кадр: Instagram/ nurgali_nusipzhanuly_resmi

    Әнші Нұрғали Нүсіпжанов қазақ эстрадасының дүлділі Бибігүл Төлегеноваға деген ерекше құрметін танытып, оның алдында ән шырқағанда қатты толқитынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Нұрғали Нүсіпжанов Бибігүл Төлегенова деген асқан сыйластығын Instagram парақшасында жеткізді. Ол әйгілі әртістің алдында ән айтқанда алаңдайтынын мойындады.

    "Көмейіне бұлбұл ұя салған дүлдүл әнші Бибигүл Ахметқызы Төлегеноваға сый, құрметім бөлек. Бибігүл апай тәлім көрген Надежда Николаевна Самышина дейтин ұлы ұстаздан мен де тәрбие алдым.

    Екеуіміздің де дауысымызды қойып берген сол Самышина. Өзімнің өнердегі әпкем деймін Бибігүл апайды. Өйткені біз бір ұядан түлеп ұштық, бір педагогтың шәкірттері болдық.

    Бибігүл апай алдымда аман-есен жүргенде төрт дүнием түгел ғой деп тәубеме келем. Ол кісінің алдында ән айтқанда бір нотадан мүлт кетпесем екен деп толқимын,тебіренемін. Жан апамның амандығы Аллаға аманат", - деп жазды Нүсіпжанов.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.