Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердос Усабаев: Әкемнің туыстары мені далаға қуып жіберді

Опубликовано:

Ердос Усабаев
Видеодан кадр: Youtube/НТК

Белгілі хореограф Ердос Усабаев студенттік кезін есіне алып, басынан өткен жағдайларды баяндады. Айтуынша, Алматыға оқуға түскенде оны әкесінің туыстары далаға қуып жіберген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ердос Усабаев туыстарымен келіспеушілік не себептен орын алғанын "Taboo" бағдарламасында айтып берді.

"Әкемнің туыстары мені далаға қуып жіберген. Талдықорғаннан келдім. Әкемнің туған бауырының үйінде тұрамын. Қала сыртында екі қабатты коттеджі болды. Мен таңғы сегізден екіге дейін сабақтамын,. Одан кейін жұмысқа барамын. Киім дүкенінде сатушы болдым. Жұмыс уақыты түнгі он бірлер шамасында бітетін. Ағамның үйі жұмысымнан алыс болды. Үйге өте кеш келетінмін. Ерте кетіп, кеш келемін. Ал бұл жайт оларға ұнамады. Мен үй жинап, бірдене істеуім керек болды. Ағамның үлкен ұлы бар. Ол мені жек көретін. Бірақ не үшін екенін білмеймін. Мен солардың үйінде тұрып бастағалы мені жақтырмайтын болды.

Сонымен желтоқсан айы жаңа жылға дайындық болып, жұмыстан кеш келдім. Жуынып ұйықтайын деп жатсам, ағам келіп қар күреу керектігін айтты. Мен жалғыз өзім шықтым. Ол болса балаларымен үйде теледидар қарап отыр. Егер жақтырмаса айтсын, тұрмасын деп. Мен өз бауырларыма ондай нәрсе істей алмайтын едім. Түк істемей-ақ қойсын, мен оларға одан да ақша берем. Сөйтіп, олар осындай тірлік істейді. Кейін олар ауылға көшуді ұйғарады. Ағам мен тәтем ғана көшетін болды. Балалары сол үйде қалады. Маған тәтем келіп, көшетіндерін хабарлады.

Сосын ол "Сендер бір үйде тұра алмайсыңдар, менің балам екеуіңнің мінездерін сай келмейді. Ақырындап үй іздей бер" деді. Олар маған бір ай берді. Бірақ өздері екі күннен кейін көшіп кетті. Ал ұлдары болса күнде келіп маған үйден кетуді талап етті. Бір күні екеуіміз ұрысып қалдық. Мен универистетке кетіп, қайта оралсам менің киімдерім жерде жатыр. Сол кезде әкеме ренжігенім бар. Ол маған ұрысып тастады. Өз перзентіне жақтаспай, шындықты білмей жатып солай істегені маған ауыр тиді. Мен әкемнің туыстарын жек көремін", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970280-erdos-usabaev-akemnin-tuystary-meni-dalaga-quyp-ziberdi/

pixel