Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуімен әйгілі хит әнді шырқаған Гүлзира Айдарбековаға көпшілік тамсанды (видео)

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Белгілі продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова тойда ән салып, көптің ықыласына ие болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлзира Айдарбекова күйеуі Нұртаспен бірге белгілі блогер Елдос Калабоктың анасының мерейтойында әйгілі үнділік хит әндердің бірі "Зуби-Зубиді" қазақша орындаған.

"Елдос баламыздың анасы Жанат құрдасымыздың туған күні және немересі Омардың 1 жас тұсау кесер тойларының куәсі болып, қызықшылықтарына ортақтасып, би билеп, қазақша "Нури-Гули" ("Зуби-Зуби") әнімізді айтып, өз көңілімізді де, елдің көңілін де көтеріп қайттық. Той керемет өтті. Барша отбасында дастархан тек жақсылыққа жайылып, қазағымның тойы бітпесін", - деп жазды продюсер.

Желі қолданушылары болса ерлі-зайыптының өнеріне тәнті болып, жылы лебіздерін білдірген.

"Елдосқа да Алла ұл нәсіп етсін! Қазақтың тойында жарқырап,ән шырқап жүре беріңіздер!", "Тамаша орындау", "Той құтты болсын", "Керемет жансыздар", "Той құтты болсын! Елдос пен келіншегіне сіздердің жолдарыңызды берсін", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970509-kuieuimen-aigili-xit-andi-syrqagan-gulzira-aidarbekovaga-kopsilik-tamsandy-video/

pixel