Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сіздерді жақсы көремін": Ресейлік блогер дау тудырған сөзінен кейін қазақстандықтардан кешірім сұрады

Опубликовано:

Тик ток жұлдыздары
Аня Покров пен Даня Милохин. Фото: instagram.com/pokrov90

Ресейлік блогер Даня Милохин дау тудырған сөзінен кейін қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанға көшіп келген ресейлік блогер Даня Милохин отандық музыканттарға қатысты пікір білдіремін деп басы дауға қалған еді.

Бұдан кейін ел тұрғындары Tik Tok жұлдызына өз еліне қайтуға кеңес берген.

Ал Даня Милохин болса жағдайдың ушығып кеткенін аңғарып, Instagram желісіндегі парақшасында жазба қалдырды.

"Қазақтар, сіздерді жақсы көремін. Ешқашан сіздердің көңілдеріңізді қалдырамын деп ойлаған емеспін. Егер кездейсоқ ренжітіп алсам, кешіріңіздер", - деді блогер.

Даня Милохин
Даня Милохин. Фото: instagram.com/danya_milokhin

Ол тағы бір желі жұлдызы Аня Покровпен бірге Қазақстанның көрікті жерлерін аралаған.

"Мен Қазақстанға тағы да ғашық болдым", - деді Аня парақшасында Шарын шатқалы, Медеу, жайлаудағы суреттерін жариялап.

Аня парақшасында сонымен қатар табиғат аясында жүрген сәтінің видеосын жүктеді.

"Апа, мен жұмақтамын. Мен бұндай көріністерді қатты жақсы көремін. Ант етейін, бұл мен үшін жұмақтың өзі. Қазақстанға 101 рет ғашық болдым. Бағасын беріңіздер", - деді Аня Покров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970511-sizderdi-zaqsy-koremin-ataqty-reseilik-bloger-qazaqstandyqtardan-kesirim-surady/

pixel