Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тас жүрек": Салтанат Бақаева өзін сөккен оқырмандарына жауап берді

Опубликовано:

Фото
Фото: Instagram/saltanat_bakayeva

Танымал актриса, әнші Салтанат Бақаева өзінің желідегі парақшасында "сәбимен бірге жүріп, жұмыс істеп жүрсің", "балаға обал болды" деп сөккен оқырмандарына шүйлікті. Өнер иесінің айтуынша, ол күні кеше ғана босанғанымен, бала таптым екен деп жұмысты тоқтатпайтын аналардың қатарынан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Актрисаның сөзінше желі қолданушылары оған "балаға обал болды", "ақшаны қайтесің" деген сарынды көптеген хат жолдаған екен.

"Балаң бірге жүріп шаршап қалды ау, обал болды" дейді бір әпкем ұшағымды күтіп отырсам әуежайда!… Осының алдында баламды мамама қалдырып кеткенімде "тас жүрек, ақшадан өлдің ба, отыр үйде" деп инстаграмда қырғын хат келген! Соған қарағанда сондай нәрсені жазған адамдарға маза бермей тұрған баланың жағдайы емес менің жұмыс істеп, ақша тапқанымда болып тұр ма деп қалдым...", - деп жазған өнер иесі.

Сонымен бірге ол жас аналарды бала таптым деп қол қусырып отырмай, еңбек етуге шақырды.

"Білмеймін енді бірақ менің ойымша бала мамасымен болса болды! Бұным бәлкім қате шығар. Дегенмен баланы туып алып бүкіл өмірімді, жұмысымды тоқтатып қоятын адамдардың қатарынан емеспін! Сізге де сондай кеңес берем! Шын мәнінде бәрі біздің ойымызбен санамызға байланысты! Келісесіз бе? Өз пікіріңізді қалдырып кетсеңіз!", - деп жазған актриса.

Желі қолданушыларының аталған жазбаға қатысты пікірі екіге жарылған. Олардың бірі әншіге қолдау көрсетсе, енді бірі ана мен бала үйде отырып, күтінгені абзал деген.

"Иә, дұрыс айтасыз қазір үйде отыратын заман емес, балаға жақсы қарайласатын адам болса неге жұмыс істемеске?", "Әрине, дұрыс! Жұмыс істеу керек", "Ең бастысы күйеуіңіз, ата-енеңіз келіссе болды ғой, біз отырып алып әр нәрсені айта беруіміз мүмкін, елдің сөзіне мән бермеңіз", "Қазақта бала мен ананы қырқынан шығарғанша үйден шығармаған. Ақшаның соңына кім жеткен. Мүмкіндік болса, үйде балаға қараған дұрыс шығар", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970546-tas-zurek-saltanat-baqaeva-sabiinmen-zumys-istep-zursin-dep-sokken-oqyrmandaryna-zauap-berdi/

pixel