Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәрігерлер келгенше кетіп қалған": Абай Бегей марқұм әйелі туралы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Абай Бегей
Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

Әнші Абай Бегей бірінші келіншегін есіне алып, өз жан сырын ақтарды. Сөзінше, әйелі Алматыда шипажайда демалып жатқан кезінде қайтыс болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Абай Бегей басынан өткен ауыр кезеңі туралы "Менің өмірім" бағдарламасында айтып берді.

"Әйелім 36 жаста еді. Ол 2015 жыл, ораза айы болған. Ораза басталып, бес уақыт намазын оқып, ауыз бекітті. Оразаның ортасында кішкене ауырып бастады. Дене қызуы көтерілді. Мен болсам сапарға кетейін деп жүрдім. Ол кезде ол кісінің жұмысы да қиын болды. Бізде Ақтауда қалыңдық салоны болды ғой. Қызым екеуі ашқан. Сол енді ғана жақсы болып келе жатқан.

Біраз көйлектер алып, соны айналдырып жүрді. Өзімізде көліктер де болатын. Оны той алдындағы қыдыруға жалға беретін болдық. Той-бизнеспен айналысты. Жұмысы қиын болды. Сол себепті Алматыға демалып келсін деп жібергенмін. Ұлым екеуі шипажайға орналасты. Өзім ұмраға кеткенмін. Мен кеткен соң төрт күннен кейін осындай жағдай болды.

Алланың қалауы. Көнбеске амал жоқ. Бірақ қатты ауырған да жоқ. Әркімге ажал әрқалай келеді ғой. Біреу бес жыл, он жыл ауыруы мүмкін деген сияқты. Біздің ойымызда болған жоқ. Осылай аяқасты жағдай орын алды. Ұлым қасында болды. Өзі қасиетті ай. Ауырып жүрмін деп айтып жүрген. Қан қысымы бірден түсіп кеткен. Дәрігерлер келгенше кетіп қалған", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970600-darigerler-kelgense-ketip-qalgan-abai-begei-marqum-aieli-turaly-zan-syryn-aqtardy/

pixel