Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейбіт Қорған "Мәдениет саласының үздігі" атанды

Опубликовано:

Бейбіт Қорған. Фото
Бейбіт Қорған. Фото: instagram.com/beibitkorgan/

Әнші Бейбіт Қорған мемлекеттік наградаға ие болды. Өнер иесі "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл қуанышты жаңалығымен эстрада жұлдызы Instagram парақшасында бөлісті.

"Алланың қалауымен, күтпеген жерден, үлкен тосынсый болды маған! Көп рахмет! Мұндайға жеткенде бар, жетпегенде бар! Аллаға шексіз шүкір! Халқым, елім, жерім аман болсын", - деп жазды ол.

Әншінің өнердегі әріптестері мен желідегі оқырмандар оны жарыса құттықтап, өз жылы лебізін білдірді.

"Құтты болсын! Шығармашылығың арта берсін", "Құттықтаймыз. Әбден лайықсыз", "Бұл марапатты сізге бұрында-ақ берер едім", "Халықтың сүйікті әншісісіз ғой. Сіз үшін қуаныштымыз", "Керемет жаңалық. Биіктерден көрен беріңіз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970642-beibit-qorgan-madeniet-salasynyn-uzdigi-atandy/

pixel