Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уәлибек Әбдірайымов ұлын үйлендірді (видео)

Опубликовано:

Уәлибек Әбдірайымов ұлын үйлендірді
Фото: Instagram/karlygashakhmetovaa

"Шаншар" әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбідрайымов ұлын үйлендіріп, дүркіретіп той жасады. Жұлдызды жанұяның қуанышына бірқатар өнер өкілі ортақтасты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Уәлибек Әбдірайымовтың отбасындағы қуанышты жағдай туралы әлеуметтік желілерден белгілі болды. Той иесі мен жұлдызды қонақтары дүбірлі тойдан фото және видеоларды жарыса бөлісті.

"Уәлибек аға, тойыңыз ,құтты болсын! Келініңіз құт болып кірсін. Жастар бақытты, ұрпақты болсын.Ұрпағыңызбен мың жасаңыз", - деп жазды актриса Қарлығаш Ахметова. 

Әбдірайымовтың қуанышында барша туыстары мен өнердегі жақындары болды. Жұлдызды меймандар арасында Ақжол Мейірбеков, Мақпал Жүнісова, Заттыбек Көпбосынұлы, Жүсіп Ақшора, Ғазизхан Шекербеков, Жанатбек Байтеков және т.б. бар.

Әртістер жас жұбайларға өз ақ тілектерін айтып, тойға жиналған қауым алдында өнер көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970647-ualibek-abdiraiymov-ulyn-uilendirdi-video/

pixel