Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әр сәтті бағалауды үйренейік": Ләйлә Сұлтанқызы қажылыққа барған анасын күтіп алды (видео)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы анасымен
Фото: Instagram/sultankyzy

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы анасын қасиетті мекеннен қажылықтан күтіп алды. Ол анасымен қауышқан сәтін әлеуметтік желіде бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Анасы мен қызы жоспарлаған уақытында кездесе алмаған. Тележүргізушінің анасы белгілі себептерге байланысты өте кеш ұшып келген.

Ләйлә Сұлтанқызы анасымен сағына қауышып, көпшілікті әр сәтті бағалауға шақырды. Сондай-ақ ол болашақта өзі де Меккеге баруға ниетті екенін жеткізді.

"Мың жерден жоспарласақ та, болатын нәрсе бұйырған күні, уақытында болады екен. Осы кеше алып-ұшып Алматыға Дишинкамды қона сала көрем деп ем, түнгі 00:00-де ғана ет жеу бұйырыпты.

Ағамның көзі Мариямның әр келген сайын шығаратын қылығына тоймай қайттым. Дишинкам Умрадағы болған жағдайлармен қуанышпен бөлісіп отырғанын көріп, құдайдың адамзатқа берген түрлі ғажайыптарын көз алдыма елестетіп, біразға дейін ұйықтай алмадым. Кейде пендешілікке салынып кетеміз ғой.

Әрбір сәтті бағалауды үйренейікші. Бұйырған күні Меккеге біз де барамыз. Бұл да бір ағамның арманы еді", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970693-ar-satti-bagalaudy-uireneiik-laila-sultanqyzy-qazylyqqa-bargan-anasyn-kutip-aldy-video/

pixel