Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сабина Алтынбекова отбасымен Түркияда қалай демалып жатқанын көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Сабина Алтынбекова отбасымен
Фото: Instagram/altynbekova_20

Отандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова бүгінде жолдасы мен қызымен Түркия елінде саяхаттап жүр. Жұлдызды жанұя бұл сапарында Стамбул қаласының әсем әрі тарихи жерлерін аралап, ерекше әсер алуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сабина Алтынбекованың отбасымен бірге Түркияда жүргені туралы Instagram желісінен белгілі болды. Спортшы ару өз парақшасында түрлі фото мен видео жариялап, демалысы қалай өтіп жатқанын көпшілікке көрсетуде.

Ерлі-зайыпты қай елге барса да үнемі қыздарын өзімен бірге алып жүреді. Бұл жолы да олар перзентіне жаңа елді көрсетіп, ерекше отбасылық демалыс өткізіп жатыр.

"Отбасыммен саяхаттауға ештеңе жетпейді. Бұл керемет", - деп жазды Алтынбекова.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға жақсы демалыс тілеп, өз жылы лебіздерін білдірді.

"Жарайсыздар. Демалыстарыңыз жақсы өтсін. Елге аман-есен оралыңыздар", "Осы жұпқа қарай бергің келеді. Сондай жарасымды", "Қыздарын тастамайды. Жарайсыңдар. Көбісі баламен саяхаттауды ауырсынса, сіздер керісінше балапандарыңызға ел көрсетіп жүрсіздер", "Көпке үлгі болар жұп", "Көз тимесін сіздерге. Бақыттарыңыз баянды болсын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970700-sabina-altynbekova-otbasymen-turkiyada-qalai-demalyp-zatqanyn-korsetti-foto-video/

pixel