Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анаммен базарда балмұздақ саттым": Бейбіт Қорған балалық шағын есіне алды

Опубликовано:

Бейбіт Қорған
Фото: Instagram/beibitkorgan

Көптен бері ал алдында көрінбей кеткен Бейбіт Қорған сұхбат беріп, өзінің балалық шағы туралы айтып берді. Өнер иесі бүгінде көптеген жетістіктерге қол жеткізсе де, кезінде жоқшылықты көргенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейбіт Қорған бала күнінде анасымен бірге базарда саудамен айналысқанын айтты.

"Анаммен бірге базарда балмұздақ, киім сатқанбыз. Қиналдық, жоқшылықты да көрдік. Арба итеруге келген кезім болды. Денем арық, өзім кішкентай болғандықтан сол жердегі жігіттер "кет әрі" деп итеріп те жіберген", - деді Бейбіт Қорған "1001 түн" бағдарламасында.

Оған қоса Бейбіт Қорған әртістердің өнер жолына келуіне қатысты пікір білдірді. Сөзінше, әртістердің көбісі бұл салаға қиыншылықпен келмеген. Бірақ жеңіл жолмен, кездейсоқ келіп қалғандар да жоқ емес дейді ол.

Өнер иесі қыз балалардың әншілік жолды таңдауына қарсы болып шықты.

"Қыз балаларға өнер қажет емес. Өзім де қыз өсіріп отырмын. Бірақ қызыма тілемес едім. Алланың берген қабілеті бар. Айтқысы келеді, көрсеткісі келеді. Бірақ әйел адамға қиын" - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970720-anammen-bazarda-balmuzdaq-sattym-beibit-qorgan-balalyq-sagyn-esine-aldy/

pixel