Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сені шексіз бағалаймыз": Раушан Құдайберген ағасын жаңа жасымен ерекше құттықтады

Опубликовано:

Димаш Құдайберген інісі мен қарындасымен
Фото: Instagram/raushan_kudaibergen

Димаш Құдайбергеннің қарындасы желіде оған жазба арнады. Раушан Құдайберген жұлдызды ағасын жаңа жасымен құттықтап, өз ақ тілегін жолдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Димаштың қарындасы ағасына деген махаббаты мен сыйластығын Instagram парақшасы арқылы жеткізді.

"Көке, жаңа жасыңмен! Ғұмырың ұзақ, өмірің шатыққа толы болсын! Барыңа шүкір! Әрқашан жанымызда бол, сені шексіз бағалаймыз, жақсы көреміз, сенімен мақтанамыз! Еліңнің, жеріңнің, әлемнің сүйген азаматы бола бер! Аман бол! Қуанышты күндеріміз таусылмасын", - деп жазды Раушан Құдайберген.

Жұлдызды ағасы бұл құттықтауға риза болып, оған бірден жауап берді.

"Қошақаным, рахмет саған", - деп жазды Димаш.

Желі қолданушылары да Раушанның құттықтауына қосылып, сүйікті әншілеріне деген ізгі тілектерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970724-seni-seksiz-bagalaimyz-rausan-qudaibergen-agasyn-zana-zasymen-erekse-quttyqtady/

pixel