Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Салоныңды өртеймін деді": Элизат Беріковаға қоқан-лоқы көрсеткен кім

Опубликовано:

Элизат Берікова
Фото: Instagram/elizaberikova007

КешYou тобының бұрынғы әншісі Элизат Беріковаға белгісіз біреу қоқан-лоқы көрсеткен. Бейтаныс жан аруға хат жазып, оның сән салонын өртеймін деп қорқытқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Элизат Берікова басынан өткен жағдай туралы Instagram парақшасында айтып берді.

"Осыдан 4 күн бұрын біреу мекен-жай жазып: "Сол жерге кел немесе салоныңды өртеймін", - деді. Мен әрине оны бұғаттадым. Бұл ақымақ мені келеді деп ойлады. Енді жазып тұрғанын қараңыздар", - деп жазды Берікова.

Белгісіз жан әншіге берілген уақыттың аяқталғанын, енді берген уәдесінде тұратынын ескерткен. Ол арудың сән салонын өртейтінін айтты.

Элизат Берікованың Stories-i
Скриншот: Instagram/elizaberikova007

"Уақытың бітті, Элизат. Айтқан жерге келмедің. Маған қоңырау шалып, келдім деп, енді біттім дей бер. Полиция саған көмектесе алмайды. СОБР және ОМОН-мен қосып қиратамын", - деп жазған әншіні қорқытушы азамат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970734-salonyndy-orteimin-dedi-elizat-berikovaga-qoqan-loqqy-korsetken-kim/

pixel