Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлсіз болуға хақым жоқ": Продюсер Гүлнұр Мамасарипова жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Гүлнұр Мамасарипова
Фото: Instagram/gulnur_mamasaripova

Отандық танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова өзінің үнемі "мықты әйел" образында жүретінін айтты. Сөзінше, оның әлсіз болуға хақысы жоқ. Ол біреудің көзінше ғана емес, өзінің алдында да әлсіз бола алмайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлнұр Мамасарипова жан сырын Instagram парақшасында ақтарған. Ол оқырмандарына өзінің қазіргі көңіл-күйін бөлісуді жөн көрген.

Оған қоса продюсер аналардың барлығы мықты екенін айтып, оларды барынша қадірлеу керектігін жеткізді.

"Бағана бір әнді тыңдап отырып жүрегім сығылып кетті. Іштегі бір дүниелерді қозғап жіберді ме екен? Жылағым келді-ақ, бірақ көзімнен жас шықпады, жүректің шаншып кеткені де содан болар, бар салмақты өзіне алып.

Мен негізі "әлсіз" бола алмайды екенмін, біреудың көзінше тұрмақ өзімнің алдымда да. Өйткені менің әлсіз болуға қақым жоқ. Неге дейсіз ғой? Мен бала-шағамның, немеремнің көзінде "мықты" адам боп қалыптасып қалғам. Жақсы ма, жаман ба білмеймін.

Образды түрде айтсам құдай мені бір "кепілдікке" қойған сияқты. Осылардың өмірге деген махаббатын сатпа, барынша мықты бол дегендей. Олар өмірді біз арқылы көреді ғой, фильтр сияқтымыз біз. Түсіндіре алдым ба, білмеймін.

Бірақ дәл қазір осындай көңіл-күй. Айтайын дегенім, егер сен "менің мамам мықты" деп ойлайтын болсаң, біліп жүр. Ол шынында да мықты, оның жүрегі "ғасырлық мұңды" да сыйдыра алады, бірақ жыламайды, бордай езілмейді, түңілмейді. Өзі үшін емес, сен үшін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970749-alsiz-boluga-xaqym-zoq-prodyuser-gulnur-mamasaripova-zan-syryn-aqtardy/

pixel