Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз үлгі тұтар жандар": Димаш Әділет өз ата-анасы жайлы айтып берді

Опубликовано:

Димаш Әділет анасымен
Фото: Instagram/valentinadurumbetova

Отандық танымал блогер Димаш Әділет желіде өз жанүясы жайлы жазба жариялап, ата-анасы туралы айтып берді. Ол әке-шешесіне берген тәлім-тәлім тәрбиесі үшін алғысын айтып, оларға деген шексіз махаббатын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Димаш Әділет Instagram парақшасында ата-анасы туралы жантебірентерлік жазбаны бөлісті. Оған қоса блогер бала күнгі суреттерін де жариялады.

"Бірінші мен екінші суреттің арасы 26 жыл. Менің отбасым түскен шығарылымды қарап үлгердіңіздер ме? Жанұямыздың атынан жылы лебіздеріңізге алғыс айтамын. Мен осындай керемет отбасымның барына қуаныштымын. Менің анам ең ақкөңіл, ең сұлу, жылы жүзді, көңілді, ең ақылды, жайдарлы жан. Ол мені үнемі қолдап жүреді. Мені әркез тыңдап, келелі кеңесін береді. Махаббатын береді.

Әкем болса нағыз ер азамат. Мен өмір бойы оның ақылына, әрекеттеріне, қағидаларына тәнті болып келемін. Ол бұл өмірде бәріне өзі қол жеткізді. Өзі көтеріле алған адам. Оның басты жетістігі - жанұя. Әкем керемет отбасын құрды. Ол үшін біз әрдайым бірінші орындамыз. Әкем менің жалғыз үлгі тұтар адамым. Мен өз отбасымды шексіз жақсы көремін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970785-nagyz-ulgi-tutar-zandar-dimas-adilet-oz-ata-anasy-zaily-aityp-berdi/

pixel