Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Махаббат та, сатқындық та болды": Әсел Асқар күйеуіне әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Әсел Асқар сүйіктісімен
Фото: Instagram/assel.askar

Танымал блогер Әсел Асқар желіде жолдасына сезімін білдіріп, аса әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі бұл қарым-қатынасында махаббат та, сатқындық та болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әсел Асқар күйеуі екеуі некеде бірталай қиындықтан өткенін айтты. Алайда арада болған түрлі жағдайларға қарамастан ерлі-зайыпты махаббаты үшін күресіп, отбасын сақтап қалған.

Блогер ару Instagram парақшасында отағасымен бірге түскен суреттерін бөлісіп, оған деген сезімін білдірді.

"Екеуіміз қол ұстасып "отбасы" деп аталатын ұзақ жолмен жүріп келеміз. Арамазда барлығы болды: махаббат, сатқындық, қайғы, көз жасы, қуаныш, кешірім, қарсыласу, өрлеу, құлдырау, ақша тапшылығы, күту, иллюзия, алдау, әлсіздік, айқай, ұрыс-керіс. Бірақ біз ешқашан үнсіз қалмаймыз! Бірақ соған қарамастан, біз жүреміз. Біз қателесеміз, сүрінеміз, тұрамыз, өзімізді сілкіп аламыз, жүгіреміз. Бірақ біз ешқашан тоқтамаймыз! Мен сені осы қалпыңда жақсы көремін", - деді блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970809-maxabbat-ta-satqyndyq-ta-boldy-asel-asqar-kuieuine-aserli-zazba-arnady/

pixel