Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менен жеңілгендер көтеріліп кетеді": Танымал жайдарманшы өз замандастары туралы айтты

Опубликовано:

Марат Достаев
Видеодан кадр: Youtube/ Sultankyzy Channel

Әзілкеш Марат Достаев КВН ойнаған кезін есіне алып, өз замандастары туралы айтты. Ол бүгінде аты дүркіреп тұрған Тұрсынбек Қабатов пен Нұрлан Қоянбаевты да жеңіп, чемпион атанғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Марат Достаев өзінен жеңілген көптеген әзілкештің көтеріліп кеткенін алға тартты. Ол Қанат Әлжаппаровтан жасы кіші болса да, жол үлкен екенін айтты.

"Мен командада жалғыз ойнадым десем де болады. Дәнекерлердің командасынан жеңіліп қалдық. Себебі, мен командада жалғыз едім. Қыздарды жинап алғанмын. Сонда ойнайтын мықты ешкім болмады.

Ал оларда бәрі мықты болды. Кейіннен жалғыз өзім жеңіп кеттім. Біздің команда тіпті Қоянбаевты, Қабатовты жеңген. Менен жеңілгендер қатты көтеріліп кетеді негізі. Мен жеңілуім керек пе еді. Олар менің замандасым секілді.

Қазір жасым кіші болса да, замандас деп араласамыз. Қанат Әлжаппаров КВН-де жақсы ойнады, бірақ оның менен жолы кіші. Жасы үлкен. Әзілге менен кейін келді.

Сондықтан мен оның әзілдерін түзейтінмін. КВН-де сондай тәртіп бар. Сенің ерте келгенің рөл ойнайды", – деді әзілкеш Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970931-menen-zenilgender-koterilip-ketedi-tanymal-zaidarmansy-oz-zamandastary-turaly-aitty/

pixel