Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Бегей қызынның туған күніне ерекше тосынсый жасады (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей қызымен
Фото: Instagram/abai_begei

Әнші Абай Бегей қызына естен кетпес тосынсый жасап, оны туған күнімен ерекше құттықтады. Өнер иесі тұңғышын қуанту үшін арнайы Ақтау қаласына барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Абай Бегей қызына күтпеген жерден тосынсый жасап қуантты. Эстрада өкілі оның достарымен келісіп, арнайы жоспар құрған.

Ол Ақтау қаласына ұшып барып, түнде перзентін құттықтап келген көпшіліктің арасында болған. Жұлдызды әке ең соңында гүл шоғымен қызының алдынан шығып, оны қатты таңғалдырған. Мұндай тосынсыйды күтпеген ару әкесін құшақтап, сол сәтте жылап қалды.

"Әке бақытын сездірген тұңғышым Ерке. Қызым туған күнің құтты болсын. Өмірің тек еркелетсін. 26 жасың бақ боп келсін! Жаңа жасыңмен тұспа тұс жаңа шаңыраққа кіріп жатыр екенсіздер. Әділхан, Ерке кең сарайдай шаңырақтарыңызда тек ұл-қыздарыңыздың қызығын қызықтап тойлау бұйырсын!

Өзіңе тосынсый болып осы қуанышыңа келуге асықтым. Мақтанамыз. Әкелік тілегім Алланың назарында, бақыттың базарында болыңыздар! Тосынсый жасаған достарыңызға көп рахмееет", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970960-abai-begei-qyzynnyn-tugan-kunine-erekse-tosynsyi-zasady-video/

pixel