Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маржан Арапбаева ұлының мектеп бітіру кешінде ән салды (видео)

Опубликовано:

Маржан Арапбаева
Фото: Instagram/arapbayevamarzhan

Әнші Маржан Арапбаеваның ұлы биыл мектеп бітірді. Өнер иесі перзенті үшін маңызды күнде оған қолдау білдіріп, барша түлектердің құрметіне ән-шашуын арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Маржан Арапбаева баласының соңғы қоңырауына қатысып, жиналған көпшілік алдында өнер көрсеткен. Әнші мектеп оқушыларын оқу жылының аяқталуымен ерекше құттықтап қайтқан.

Бұл видеосын ол Instagram парақшасында бөлісті.

"Бүгін үлкен ұлымыз Даниял мектеп түлектерінің қатарына қосылып, №4 мектеп гимназиясын аяқтады! Басқан қадамын құтты болып, алар асуларын көп болсын балам. Барша оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын", - деп жазды әртіс.

Желі қолданушылары жұлдызды анаға өз жылы лебіздерін білдірді.

"Жарайсыз, ана деген осындай болу керек", "Балаңыздың болашағы жарқын болсын", "Мектеп бітірулеріңізбен құттықтаймыз", "Осындай күнде балаңызды қолдап, оның қасында болуға не жетсін", "Перзентіңіз енді үлкен өмірге қадам басты. Қадамы нық әрі сенімді болғай", "Керемет әнші. Әркез қарапайым, ақкөңіл", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970963-marzan-arapbaeva-ulynyn-mektep-bitiru-kesinde-an-saldy-video/

pixel