Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бауырларым ескертті": Марат Достаев жұлдыз ауруына шалдыққанын айтты

Опубликовано:

Марат Достаев
Фото: Instagram/ marat_dostayev

Отандық танымал әзілкеш Марат Достаев өнер жолына келген кезін есіне алып, басынан өткен қызықтарын бөлісті. КВН өкілі танымалдылығы артқан кезде "жұлдыз ауруына" шалдыққанын мойындады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Марат Достаев өнер жолында басынан өткен жағдайларды Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында баяндады.

"Менің әкем ақын, жазушы. Сол кісіден дарыды ма екен, өнерді жақсы көрдім. Неге екенін театр әртісі болғым келетін. Ол кезде КВН деген жоқ. Кейін шықты ғой. Солай әзіл әлеміне келдім. 15 жасымда сахнада өнер көрсеттім. Оқушы кезімде өз ауылымда "жұлдыз" болдым. Себебі мені сыныптастарым телеэкраннан көретін. Жұлдыз ауруымен ауырған кездерім де болды", - деді әзілкеш.

Достаев жұлдыз ауруынан қалай құтылғанын да айтып берді. Сөзінше, бауырлары оған өзгеріп бара жатқанын ескерткен.

"КВН арқылы танылып, телеарнада жұмыс істеп, бір-екі бағдарлама ашып, айлығымыз көтерілген кезде, чемпион атағын алған кезімізде "жұлдыз" ауруымен ауырдым. Адам жақтырмай қалғандай болдым.

Бауырларым ескертті. Сен өзгеріп бара жатырсың деді. Солай өз-өзімізге келдік. Ал КВН-де жұлдыз бола алмайтынбыз. Себебі "ағалар" деген болды. Биді дұрыс билей алмасақ, сахна сыртында тарсылдатып ұратын. Сондай кезеңдер болды. Кейін соны өзімізден кейінгілерге істедік. Сонда ешкімнің жұлдыз болуға шамасы келмейтін. Қазір ондай жүйе жоқ. Қазір он жас кіші әзілкеш "сен" деп сөйлей береді. Қазір тәртіп жоқ", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970996-bauyrlarym-eskertti-marat-dostaev-zuldyz-auruyna-saldyqqanyn-aitty/

pixel