Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

85 жасқа толған Асанәлі Әшімовке әріптестері асыл тұқымды тұлпар мінгізді

Опубликовано:

Асанәлі Әшімовке тұлпар мінгізді
Фото: "Қазақфильм" баспасөз қызметі

Кеше, 25 мамырда "Қазақфильм" киностудиясында өнер адамдары Кеңес одағының және Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімовке асыл тұқымды тұлпар мінгізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Киностудияның мәліметінше, 85 жасқа толған өнер иесі өзінің мерейтойын өнердегі әріптестері мен жақындарының ортасында атап өткен.

Салтанатты шараны ашқан "Қазақфильмнің" президенті Ақан Сатаев қазақ киносының аңызы атанған актердің еліміздің мәдениетіне қосқан ерекше үлесін атап өтіп, оған ұзақ ғұмыр, зор денсаулық және отбасына бақ-береке тіледі.

Асанәлі Әшімовке тұлпар мінгізді
Фото: "Қазақфильм" баспасөз қызметі

Сондай-ақ қазақтың салт-дәстүрі бойынша Асанәлі Әшімовке құрмет көрсетіліп, асыл тұқымды тұлпар тарту етілген.

Асанәлі Әшімовке тұлпар мінгізді
Фото: "Қазақфильм" баспасөз қызметі

Сонымен қатар мерейтой иесіне режиссер ретінде түсірген және өзі түскен картиналардан құралған фильмдер жиынтығы сыйға берілді.

Асанәлі Әшімовке тұлпар мінгізді
Фото: "Қазақфильм" баспасөз қызметі

Актерді құттықтауға киностудия қызметкерлерімен қоса өнердегі әріптестері мен шәкірттері, атап айтқанда, белгілі режиссер Болат Қалымбетов, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды, Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов, Бауыржан Қаптағай, Айдос Бектеміров келген. Олар қазақ киносының абызына жылы лебіздері мен тілектерін білдірді.

Асанәлі Әшімовке тұлпар мінгізді
Фото: "Қазақфильм" баспасөз қызметі

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов ұлттық кинематографияның алтын қорына енген Сұлтан Қожықовтың "Қыз Жібек", Шәкен Аймановтың "Атаманның ақыры", Мәжіт Бегалиннің "Тұлпардың ізі", Хуат Ахметовтың "Ка мырза, Сіз кімсіз?" және басқа да көптеген фильмге түскен.

Асанәлі Әшімовке тұлпар мінгізді
Фото: "Қазақфильм" баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971076-85-zasqa-tolgan-asanali-asimovke-ariptesteri-asyl-tuqymdy-tulpar-mingizdi-foto/

pixel