Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуандық Рахым келіншегі мен қызын перзентханадан шығарып алды (видео)

Опубликовано:

Қуандық Рахым әйелімен
Видеодан кадр: Instagram/kuandyk.rakhym.kz

Әнші Қуандық Рахым келіншегі мен дүние есігін енді ашқан сәбиін перзентханадан шығарып алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі қызымен алғаш қауышқан сәтін Instagram парақшасында бөлісті. Жұлдызды әке келіншегін гүл шоғымен күтіп алып, перзентін бірден қолына алған.

Қуандық Рахым үшін аса маңызды күнде оның қасынан жақындары табылған. Олар ерлі-зайыптыны құттықтап, өз ақ тілегін жолдаған.

Әншінің достары да бұл қуанышқа ортақтасып, өз сыйлықтарын тарту етіп жатты.

Желі қолданушылары жас ата-ана үшін қуанып, оларға ізгі тілектерін жаудырған.

"Үлкен азаматша болсын", "Қандай керемет қарапайым отбасы", "Бақытты болыңыздар", "Қызыңыздың артынан бауырлары мен сіңілілері ере берсін", "Махаббаттарыңыз баянды болсын", "Бақытты күндеріңіз көп болғай", "Қуандық сондай бақытты болып жүр", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Қуандық Рахымның алғаш рет әке болғанын хабарлаған едік. Әншінің жары оған қыз бала сыйлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971104-quandyq-raxym-kelinsegi-men-qyzyn-perzentxanadan-sygaryp-aldy-video/

pixel