Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Қанай атышулы "Ол қыз" әнінің тарихы туралы айтты

Опубликовано:

Нұрболат Қанай
Видеодан кадр: Youtube/Qazaqstan TV

Жастар арасында танымал әнші Нұрболат Қанай өзінің "Ол қыз" атты әнін қалай жазып шығарғаны туралы айтып берді. Аталмыш туынды қоғамда қызу талқыға түскен болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрболат Қанай бұл әніндегі оқиға өз өмірінде болмағанын бірден кесіп айтты. Әнші бұл туындысының шығу тарихын "1001 түн" бағдарламаcында баяндап берді.

"Мен негізі әндерімді біреуге арнап шығармайды екенмін. Бір жерден көріп, кинода болған оқиғалар болсын, олардан шабыт алып жазамын. Екі жас некесіз қосылып, қыз бала көтеріп қояды. Жігіт "әке болуға дайын емеспін" деп жауапкершіліктен қашып, телефонын алмайды. Қыз әкесіне қалай айтарын, не істерін білмейді. 

"Әкем білсе, құлағымнан бұрайды. Шешем білсе, сабалайды" деп, жеке қалғанда романтикалық фильмдерге қарап жылайды. Мұнда түпкі жеткізгім келгені: "Некесіз төсек қатынасына түспеңіздер, оның ақыры осындай болады".

Көбісі менің қызым солай болып кетті деп ойлайды. Бірақ олай емес. Мен әрбір әніме ойымда сценарий құрып алып шығарамын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971152-nurbolat-qanai-atysuly-ol-qyz-aninin-tarixy-turaly-aitty/

pixel