Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тым мінсіз болуын талап етеміз": Ләйлә Сұлтанқызы бала тәрбиесі туралы айтты

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бала тәрбиесі жайлы сөз қозғап, бұл орайда ересектер жиі жіберетін қателіктерді тізіп шықты. Оның ойынша, қазіргі ата-аналар балаларының мінсіз болғанын қалайды. Алайда кезінде өзінің де бала болып6 шалалық жасағанын ескермейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы өз ой-толғауын Instagram парақшасында бөлісті.

"Ата-аналар чаты барлығыңызда бар, білем. Ішінде бұзығы, қырсығы, тәртіптісі, лидері, үндемесі бар, бұл чат 3 ай демалады. Оқу жылының сәтті аяқталуымен әр отбасын құттықтаймын.

Осы ретте сұрайыншы, жеткіншек баласы бар аналар мені түсінер, қазіргі бала туылғаннан тұлға болып өсуде, мұны біз қолдан жасадық па, өмір заңы ма, заман сондай ма маңызды емес. Жеткіншектердің құбылмалы мінезіне қарап, кімге қиын екенін білмеймін. Қызы барларға ма, ұлы барларға ма?" - деп жазды ол.

Тележүргізуші ата-аналардың бала тәрбиесінде жиі жіберетін қателіктерін атады.

"Бірінші, әлі бала деп ойлаймыз. Екінші, сенбейміз. Үшінші, қорқамыз, күйгелектене береміз. Төртінші ата-анамыз деп үстемдік етіп тұрамыз. Бесінші, міндет пен тым көп жауапкершілікті артқымыз келеді. Біз де бала болдық, бұзықтық жасадық, арамызда сабақтан қашқаны да, темекі шеккені де болды. Қазір біз балаларымыздан тым идеал болуын талап ететін сияқтымыз. Баланың балалық шағын ұрлап жатқан жоқпыз ба? Гормон ойнап тұрғанда керісінше көбірек сенім артсақ, ұтылмаймыз деп ойлаймын", - деді Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971268-tym-minsiz-boluyn-talap-etemiz-laila-sultanqyzy-bala-tarbiesi-turaly-aitty/

pixel