Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсірілім алаңында «Азия» тобының әншісі Ринат Баситовты жылан шағып алды

Опубликовано:

Түсірілім алаңында «Азия» тобының әншісі Ринат Баситовты жылан шағып алды
Фото: 31 арна

31-ші арнадағы «Біздің шоу» бағдарламасының түсірілім алаңында әнші Ринат Баситовты жылан шағып алды. Оқиға осыдан бір ай бұрын, түсірілім кезінде болған.

Жоба басшысы Ғалия Байбосынованың айтуынша, шоуда өнер адамдарын шақырып, импровизациялық қабілетін тексеретін айдар бар. Соған «Азия» тобын шақырып, жыланды мойындарына салып, билетпек болған.

«Басында бәрі жақсы болды. Жігіттер биді қатырды. Бір кезде Ринаттың түрі бұзылып кетті. Сосын «шағып алды» деген дауыс естілді. Көрерменнің алдында айқайлауға ұялса керек, барынша сабыр сақтады», - дейді жоба продюсері.

Қолы ісе бастағаннан, дереу сахнаның сыртына кетіп қалған әншінің артынан көрерменнің арасында отырған дәрігер жүгіріп кеткен. Бірақ, көрермендер отырғандықтан, түсірілімді тоқтата алмаған.

Жоба продюсері рация арқылы “жедел жәрдем шақыртыңдар” деп команда бергенін жеткізді.

Бағдарламаның толық нұсқасын 29 мамыр 21:00-де 31 арнадан тамашалай аласыздар!

Түсірілім алаңында «Азия» тобының әншісі Ринат Баситовты жылан шағып алды
Фото: 31 арна

Әр апта сайын «Біздің шоу» бағдарламасын көріп, теледидар, планшет, блендер, тігін машина және басқа да электроника мен тұрмыстық техникалар ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Шарттары қарапайым: әр жексенбі «Біздің шоу» бағдарламасын көру барысында, экранда жасырылған эмодзиді тауып, оны суретке түсіріп, Instagram парақшадағы stories-ке жүктеп @31arna парақшасын белгілеу керек. Жеңімпазды әр дүйсенбі @31arna парақшасының тікелей эфирінде, кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықтаймыз. Байқау кезінде аккаунтыңыз ашық болу, қатысушының жасы 18-ден асуы тиіс және жалған, байқауға арнайы ашылған парақшаларға қатысуға тыйым салынады!

Толық ақпарат Instagram парақшада: https://www.instagram.com/p/Cd0Ba-1K2UD/

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971273-tusirilim-alanynda-aziya-tobynyn-ansisi-rinat-basitovty-zylan-sagyp-aldy/

pixel