Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қол көтермек болған кездерім болды": Ғазизхан Шекербеков отбасылық өмірі жайлы баяндады

Опубликовано:

Ғазизхан Шекербеков
Видеодан кадр: Youtube/TalkLike

Әнші Ғазизхан Шекербеков алғаш рет жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарып, отау құрған кезде қандай қиындықтарға тап болғанын айтты. Сөзінше, бастапқыда әйелі екеуі бір-бірімен түсінісе алмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі үйленген кезде келіншегін аса танымағанын жеткізді. Ол отбасылық өмірдің басында келіншегімен қарым-қатынасы қиын болғанын жасырмады.

"Тағдыр солай жазған, сол қыз маңдайыма жазылған екен. Қазір өкініш жоқ. Басында шатастым ба деп ойлайтынмын. Өйткені біз үйленгеннен кейін таныса бастадық, қыр-сырын біле бастадық. Таза мінезіміз шыға бастады. 

Екеуміз түсінісе алмай қалған кездерде сондай ой болды. Ақылға салып, қасымызда дұрыс адамдар кездесіп, дұрыс ақыл айтып, кейін барып қайтадан танысып, дұрыстап сөйлесіп, бір-бірімізге ұнамайтын қырларымызды айтқаннан кейін, жайлап түсінісе бастадық", - деді ол.

Оған қоса әнші отбасыда қол көтеру мәселесіне қатысты пікір білдірді. Шекербеков тіпті өз әйеліне қол көтеруге оқталған кезі болғанын да ашып айтты.

"Басында қол көтермек болған кездерім болды. Еркек деген осындай болу керек екен деп әлі еркектің образын таппай жүргенде сондай ой болды.

Біздің бала кезімізде ағаларымыз қандай болды? Соған қарап, дұрыс екен деп ойладық қой. Ағаларымыз әйелдерін балағаттап, әй осы дұрыс деп жүрсе, "о, ағамыз әйеліне берілмейді" деп ойлап қалдық", - деді әртіс "TalkLike" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971294-qol-kotermeksi-bolgan-kezderim-boldy-gazizxan-sekerbekov-otbasylyq-omiri-zaily-bayandady/

pixel