Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда Ninety One және Shiza-ның концерттері өтпейтін болды

Опубликовано:

"Ninety One" тобы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістанда атышулы Ninety One тобы және рэп орындаушы Shiza-ның концерттері өтпейтін болды. Қала әкімдігі аталған топтармен келісімнің бұзылғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

28 мамыр күні Түркістан қаласында "Керуен сарай" туристік кешенінде Ninety one тобының, 4 маусымда Shiza-ның концерті өтеді деп жоспарланған болатын.

Аталған жұлдыздардың қасиетті қалаға келіп өнер көрсетуіне түркістандықтар наразылық танытқан. Қала тұрғындарының наразылығын ескерген Түркістан қаласының әкімдігі концерт өтеді деп белгіленген кешеннің басшылығына арнайы ұсыныспен шыққан.

"Түркістан қаласы тұрғындарының наразылығы назарға алынып, Түркістанда жоспарланған Ninety One (28 мамыр) және Shiza (4 маусым) концертін ұйымдастырушы "Керуен Сарай" туристік кешенінің басшылығына концертті өткізбеу жөнінде Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан ұсыныс жолданды.

Нәтижесінде, кешен әкімшілігі жоғарыда аталған әншілермен келісімді бұзғанын хабарлаймыз," - деп мәлімдеді Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971312-turkistanda-ninety-one-zane-shiza-nyn-koncertteri-otpeitin-boldy/

pixel