Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүйкем жұқарып, жағым қарысып қалды": Ғазизхан Шекербеков тойда ыңғайсыз жағдайға тап болған

Жарияланған күні:

Ғазизхан Шекербеков
Ғазизхан Шекербеков. Кадр: YouTube/"Жұртым жұтамасын"

Әнші Ғазизхан Шекербеков тойда өнер көрсеткенде ыңғайсыз жағдайға тап болған. Өнер иесі ортаға шығып ән салғанда қонақтардың бірі оны жұлқылап, бас киімін тартып алған. Әртіс бұл жайтқа қатты ашуланып, тыңдарманына дөрекілік танытқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ғазизхан Шекербеков басынан өткен жағдайды "TalkLike" бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді. Әнші ашуға ерік бергенімен кейін өкініп қалғанын жеткізді.

Ол аталмыш оқиғадан кейін басы дауға қалады деп ойлаған.

"Тойға бардық. Думан әлі басталмаған, мен сыртта баннердің қасында кезегімді күтіп тұрдым. Қасымыздан екі әйел өтіп: "Ойбай, мынау кім?" деді. Бас киім киіп алып тұрғанмын, соған қарап айтқаны шығар. Біртүрлі болып қаласың. Ондай жандар есіңде қалып кетеді ғой. 

Сосын кіріп, әнімді айтып тұрмын. Сахнада біреулер артқа тартады. Алдыңғы жақтан суретке түсіп жатқандар бар. Өзім жанды дауыста айтып, әнді ести алмай жатырмын. Артымда тұрғандар кібір-кібір сөйлеп жатыр. Тоқтатып қойып, ұрыспайсың ғой. Артыма қарап қалсам, жаңағы "мынау кім" деген кісі тартып жүр. Танымайтын болса, неге тартады деп ойлайсың. 

Бір кезде мейлі сол кісіге қарай салайыншы деп едім. Бір қолында телефон болса, екінші қолымен менің шляпамды алып кие салды. Ал менің шашым ішінде айқайлап тұрған. Сол кезде жарылып кеттім. Жүйкем жұқарып, жағым қарысып қалды. Аузымнан не боқтық сөз шыққаны есімде жоқ, бірақ кәдімгідей жарылып кеттім. Әйел адам, еркек емес, жағынан ұра алмайсың. Ананы алғаннан кейін барып есімді жинадым. 2 секундқа беріліп қойдым", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971334-zuikem-zuqaryp-zagym-qarysyp-qaldy-gazizxan-sekerbekov-toida-yngaisyz-zagdaiga-tap-bolgan/