RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Сахнада ерсі әрекетке барған танымал отандық әртістер сынға қалды (видео)

Жарияланған күні:

Shiza
Видеодан кадр: Instagram/aqparat.kz

Атышулы "Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza лақап атымен танымал рэп орындаушы тыңдармандары алдында ұятқа қалды. Әртістер сахнада бейәдеп сөздер айтып, ерсі қылық танытқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жас өнерпаздардың концерті 25 мамыр күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ сарайында өткен.

"Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza бірге өнер көрсетіп, артынан сахнада ерсі әрекеттерге бой алдырған. Әртістердің өнер көрсетуінен видеолар желіде тарап кетті.

Олар көпшілік алдында микрофонға бейәдеп сөздер айтып, бірі мемлекеттік туды халыққа лақтырып жібермек болған. Алайда айналасындағы адамдар Shiza-ны бұл райынан қайтарып, оның қолынан туды тартып алды.

Концертке барған көпшілік пен желі қолданушылары әртістерді бұл қылықтары үшін сынға алды. Олар жұлдыздардың сахнаға мас күйде шыққанын болжап жазды.

"Ішіп алған ғой", "Өте ұят жағдай болды. Жастардың жұлдыздары дегендері осылар ма?", "Мына концертке кетірген уақытымды-ай", "Мас қой бәрі", "Тәп-тәуір жігіт еді ғой", " Сөзім жоқ", "Масқара, өзін сыйлайтын адамдар бұлардың концертіне бармау керек", "Сахна мәдениетінен жұрдай", "Осыларға арнайы заң шығару керек. Тыңдарманды сыйлап тұрған жоқ", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/1971359-saxnada-ersi-areketke-bargan-tanymal-otandyq-artister-synga-qaldy-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 4

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Mukhamedali

Ассаламуалейкум Қазақ халқы ! Мұндай тәрбиесіздік боқ ауыз сөз сахна төрінде көрсетілген үшін,мұндай адамдар сахынаға шығарылмау керек.Ал мыналарға қатысты Министрдің жұмыстан босатылуы тиіс деп білемін.

Comment reaction

Mama_6

Өте орынды айттыңыз AiBaken👍

Comment reaction

AiBaken

Бір намысы жоқ қазақтың болмағаныма? Бірақ өздеріне ұқсағандар жиналған шығар. Шынымен шегірткелерғой.

Ereke79

Маладес, дәл тауып айттың👌👍👍👍

jitsu gif