Сахнада ерсі әрекетке барған танымал отандық әртістер сынға қалды (видео)

Опубликовано:

Shiza
Видеодан кадр: Instagram/aqparat.kz

Атышулы "Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza лақап атымен танымал рэп орындаушы тыңдармандары алдында ұятқа қалды. Әртістер сахнада бейәдеп сөздер айтып, ерсі қылық танытқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жас өнерпаздардың концерті 25 мамыр күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ сарайында өткен.

"Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza бірге өнер көрсетіп, артынан сахнада ерсі әрекеттерге бой алдырған. Әртістердің өнер көрсетуінен видеолар желіде тарап кетті.

Олар көпшілік алдында микрофонға бейәдеп сөздер айтып, бірі мемлекеттік туды халыққа лақтырып жібермек болған. Алайда айналасындағы адамдар Shiza-ны бұл райынан қайтарып, оның қолынан туды тартып алды.

Концертке барған көпшілік пен желі қолданушылары әртістерді бұл қылықтары үшін сынға алды. Олар жұлдыздардың сахнаға мас күйде шыққанын болжап жазды.

"Ішіп алған ғой", "Өте ұят жағдай болды. Жастардың жұлдыздары дегендері осылар ма?", "Мына концертке кетірген уақытымды-ай", "Мас қой бәрі", "Тәп-тәуір жігіт еді ғой", " Сөзім жоқ", "Масқара, өзін сыйлайтын адамдар бұлардың концертіне бармау керек", "Сахна мәдениетінен жұрдай", "Осыларға арнайы заң шығару керек. Тыңдарманды сыйлап тұрған жоқ", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971359-saxnada-ersi-areketke-bargan-tanymal-otandyq-artister-synga-qaldy-video/

jitsu gif