Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кері әсер беріп жатқан жоқпыз ба": Дариға Бадықова өнердегі әріптестерін сынға алды

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Фото: Instagram/dariga_badykova

Актриса Дариға Бадықова кино саласындағы әріптестерін сынға алып, өз наразылығын айтты. Өнер иесі бүгінде тәрбиелік мәні жоқ әрі бейәдеп сөздерге толы сапасыз туындылардың көбейіп бара жатқанына шүйлікті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дариға Бадықова бұл туралы Instagram парақшасында жазды. Актрисаның сөзінше, бүгінде кейбір кино туындыларды бала-шағамен отырып көру мүмкін емес.

Ол барша әріптестерін барынша сапалы жобаларға түсуге шақырды.

"Талғамға талас жоқ дейді. Сонда сіздің талғамыңыз анайы іс-әрекет жасайтын, біреудің арнайы жасаған идеологиясымен танылып жүргендер ме?! Нақты айтатын болсақ талғам емес, "Өре". Ештеңеге талғамы жоқ адам болады. Өресі төмен, деңейі төмен IQ төмен. Талғамы жоғары адамның көретін фильмі, тыңдайтын музыкасы, өте жоғарғы деңгейде болады. Сіздің деңгейдегі фильм, музыка қандай?

Әріптестер?! Біз осы қоғамға кері әсер беріп жатқан жоқпыз ба? Еркіндік дегенді басқаша түсініп алған жоқпыз ба? Өзіміз онсыз да еліктегіш, желөкпе халықпыз! Кей веб-сериалдар арқылы нені меңзеп, нені айтып, қандай насихат жүргізіп жүрміз? Әріптестер, бізде талғам болу керек қой?!⠀⠀ Сценариді таңдауымыз керек, режиссерды таңдауымыз керек, рөлімізді таңдауымыз керек.⠀⠀ Танылып қалсам болды деген нағыз өнер адамына келетін қылық емес. Ешқантай таңдаусыз түсе беретін болсақ, деңгей не болмақ?⠀

Қазір мобильді заман деп қолымыздағы Айфонмен веб-сериал түсіре береміз бе?! Режиссер қайда? Оператор қайда? Жалпы кино группа қайда?! Тек уақыты қысқа, сериясы аз болса, бейәдеп сөз, тіл мәдениеттілігі жоқ, диалектпен сөйлейтін, веб-сериалдар қаптап кетті. Сіз көресіз бе?! Мен веб-сериалдарға шақырту аламын.

Бірақ барған емеспін. Веб-сериалдар қарамаймын шын сөзім! Анау ғой, мынау ғой, таныдыңызба десе жоқ танымадым деп айта беремін. Көрерменге арзан күлкі өтеді дей беруге болмайды. Көрермен бірдей емес", - деп жазды ол.

Сонымен қатар Бадықова өнер арқылы адамдардың деңгейі түсіп жатқаны туралы айтты.⠀

"Құрметті режиссер?! Қолыңызда камераңыз болса командаңыз болса, бейәдеп сөздер аралас сценарийі болса, сериал түсіре бересіз бе?! Талғам деңгей жоқ па?! Анау сериалдардың ешқайсында шиеленіс, оқиға шарықтау шек, оқиға желісі жоқ!

Әке-шешеңнің, бала-шағаңның қасында отырып көре алмайсың, мен сізге айтайын! Қоғам сондай, заман сондай, бәрі бұзылды дейміз. Өнер арқылы адамдарды арзандатып, төмендетіп жатқан біз емес пе?! Қалай ойлайсыз", - деп жазды актрсиа.⠀

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971583-keri-aser-berip-zatqan-zoqpyz-ba-dariga-badyqova-onerdegi-ariptesterin-synga-aldy/

pixel