Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Керемет ана": Әли Оқапов Роза Рымбаеваның мұрағаттық видеосын жариялады

Опубликовано:

Роза Рымбаева ұлымен
Видеодан кадр: Instagram/aliokapov

Әнші Әли Оқапов жұлдызды анасының мұрағаттық видеосын бөлісіп, көпшілікті қуантты. Желі қолданушылары аталмыш бейнежазбаны көріп, Роза Рымбаеваға жылы лебізін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әли Оқапов видеоны Instagram парақшасында жариялаған. Онда Роза Рымбаеваның сұхбат беріп жатқанын көруге болады. Алайда кенеттен бөлмеге кіші ұлы кіріп келіп, анасына қарай ұмтылады.

Халық әртісі жылап келген перзентін бірден қолына алып, сұрақтарға жауап беруді жалғастыра береді.

"Соғыс болып жатса да, түскі асты өз уақытында ішу керек. Сұхбат былай тұрсын, үйде ер адам. Мүмкін сен көпшілік үшін халық әртісі шығарсың, бірақ мен үшін анасың. Бұл видеоға ат қоя алмадым. Бәрін жазып шығайын деп шештім", - деп жазды Оқапов.

Желі қолданушылары аналық қызметін бірінші орынға қойған Роза Рымбаеваға мақтау сөздерін жаудырды.

"Нағыз ана деген осындай болады", "Сасқалақтамай бірден өз қызметін орындап жатыр", "Керемет ана. Сұхбат беріп жатса да, баласына көңіл бөліпті", "Нағыз естелік қой. Қандай керемет кездер", "Мәди де қоймайды екен. Бәрібір анасының алдына отырып алып", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971766-keremet-ana-ali-oqapov-roza-rymbaevanyn-muragattyq-videosyn-zariyalady/

pixel