Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Махаббат жасқа қарамайды": Ақбота Сейітмағамбет өзінен кіші азаматқа тұрмысқа шығуға қатысты өз ойын айтты

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет өзінен кіші ер адамға тұрмысқа шығуға қатысты пікір білдірді. Өнер иесі махаббат жасқа қарамайды деген ойда екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақбота Сейітмағамбет Instagram желісінде оқырмандары жолдаған сұрақтарға жауап берді. Олардың бірі өнер иесінен өзінен кіші азаматпен отбасын құру туралы сауал жолдады.

"Махаббат жасқа қарамайды дейді ғой. Шынында алып қарасақ, ертеңгі күні не болатынын, маңдайға не жазылғанын ешкім болжап біле алмайды. Не де болса жүрегімізге егіз болып жаратылған теңімізге қоса көрсін құдайым", - деп жазды ол.

Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і
Скриншот: Instagram/akbotanurabaykyzy

Сонымен қатар актриса мейірімділік туралы сыр шертті.

"Әлемде онсызда мейірімсіздік, қатыгездік көп қой. Жаратқанның сыйпаттарына үңіліп, және оған үміт артып жүректі тыныштыққа келтіруден асқан ғанибет бар ма? Әлемді мейірімділік пен махаббат қана сақтап тұра алады", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971810-maxabbat-zasqa-qaramaidy-aqbota-seiitmagambet-ozinen-kisi-azamatqa-turmysqa-sygu-turaly-pikir-bildirdi/

pixel