Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Бегей екі жыл бойы салған зәулім үйіне көшіп барды (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей
Фото: Instagram/abai_begei

Әнші Абай Бегей екі жылға жуық созылған үйінің құрылысын аяқтап, зәулім баспанасын көпшілікке көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Абай Бегей Instagram парақшасында жаңа үйінің видеосын жариялаған. Онда құрылыс жұмыстары басталғаннан, баспананың толық салынып біткен сәтіне дейінгі кезең қамтылған.

Эстрада жұлдызы жаңа үйінің құрылысын 2020 жылы бастағанын айтты.

"Көз қорқақ, қол батыр деген осы екен ғой. Осылай 06.06.2020 жылы құрылысты бастап едік! Бұйыртса 31.05.2022 Аллаға сансыз шүкір, жаңа үйге көшіп жатырмыз! Әр қазақ үйлі болсын", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесі үшін қуанып, құттықтауын жолдады.

"Бізге де жұғысты болсын", "Қандай күшті жаңалық. Бұл деген нағыз қуаныш қой", "Құттықтаймыз. Сіздер үшін қуаныштымыз", "Жаңа шаңырақтарыңыз бақытқа, шатыққа толы болсын", "Керемет, жарайсыз. Әркез отбасының қамы үшін жірген азаматтардың бірі ғой", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971836-abai-begei-eki-zyl-boiy-salgan-zaulim-uiine-kosti-video/

pixel