Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалғыз емеспін": Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі жеке өмірі туралы айтты

Опубликовано:

Ляйсира Марат
Фото: Instagram/lyaisira_marat

Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі Ляйсира Марат өзінің жеке өмірі туралы жан сырын ақтарды. Некесі сәтсіз аяқталған келіншек бүгінде бақытты екенін жеткізді. Ол сүйіктісі бар екенін растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ляйсира Марат жеке өміріне қатысты бар шындықты Instagram парақшасында айтып берді.

Ол ажырасқаннан кейін бақытты болу мүмкін емес деп ойлаған. Алайда ғашығын кездестіргенде ойы қате болғанын түсінген.

"Ляйсира, сен әлі жалғызсың ба?” деп сұрайтындар көп. Жауап бере кетейін: Мен жалғыз емеспін, қасымда жақсы, мейірімді жігіт бар. Жүзіміздің емес, қолымыздың суретін жариялайын.

Ажырасқаннан кейін бақытты болу мүмкін емес деп ойладым. Дүние күйреп, дүниенің ескі суреті жинақталмайтын ұсақ-түйек бөлшектерге бөлініп кеткендей көрінген.

Мен қателестім. Қиындықтан кейін жаңа өмірді құруға болады. Иә, мен өзімді жинау үшін көп жұмыс істеуге тура келді. Мен өмір сүруге қызығамын!

Менің өмірім оқиғаларға толы. Мен сүйемін және сүйіктімін. Өмір керемет", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971847-zalgyz-emespin-tursyn-alagozovtin-buryngy-aieli-zeke-omiri-turaly-aitty/

pixel