Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Артық кетпейікші": Дариға Бадықова қымбат той қалайтын аруларға шүйлікті

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Фото: Instagram/dariga_badykova

Актриса Дариға Бадықова қымбат той жасауды талап ететін аруларға өз наразылығын білдірді. Өнер иесі халық алдында өзін ақсүйек етіп көрсеткісі келетін қалыңдықтарды сынап тастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дариға Бадықова бұл мәселеге қатысты ойын өзіне келіп түскен хаттан кейін айтуды жөн көрген. Тұрмысқа шыққалы жүрген ару оған хабарлама жолдап, болайын деп жатқан тойына көңілі тоймайтынын жеткізген.

"Бүгін бір хат алдым. Бір қыз айтады, "жақында тұрмысқа шығамын, бірақ көңілім толмай отыр дейді. Себебі тойымыз мен қалағандай болмайтын болып тұр, той жасайтын мейрамхана да ұнамай тұр. Ойымдағы той көйлекті кигім келеді, бірақ қымбат. Кішкене арзанын қарайсың-ау деп айтты" дейді. "Жігіттің жағдайы қалай?" десем, "Орташа" дейді. "Сіздің жағдайыңыз қалай десем, айлықтан айлық" дейді. Сіз сонда қандай той қалайсыз десем, "ашық аспан астында" дейді. Таңғалдым. Әлемде небір қызық бар. 

Қыздар кейде тым артық кетпейікші, өзіміздің табиғатымызды басқа әлем етіп көрсетпейікші. Олигарх, вип қазақтардың рөлін ойнамайық. Әр рөлдің аяғы болады. Артымызға бұрылып тұрып қарасақ, құмырсқа, жолыңды біл болады. Көбінде болашақ жарды қыздар таңдайды. Сол себептен ойланыңыз. Қазірден сондай ойда болсаңыз, уақыт өте жігіттің сағын сындырып төмендетіп тастайсыз. Тең – теңімен!", – деп жазды актриса Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971924-artyq-ketpeiiksi-dariga-badyqova-qymbat-toi-qalaityn-arularga-suilikti/

pixel