Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол апатынан көз жұмған отандық блогердің үшінші перзенті дүниеге келді

Жарияланған күні:

Дәулет Бейсенбек әйелімен
Фото: Instagram/beisenbek_daulet

Осы жылдың наурыз айында жантүршігерлік жол апатынан көз жұмған блогер әрі фотограф Дәулет Бейсенбектің үшінші перзенті дүниеге келді. Оның келіншегі 25 мамыр күні қыз босанған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл жаңалықты блогердің жұбайы Instagram парақшасында бөлісті. Үшінші сәбиін дүниеге әкелген келіншекті күйеуінің туыстары перзентханадан шығарып алған.

"Енді біздің керемет қызымыз бар. Айта кететін жайт, дәл осы күні 2017 жылы біздің тұңғышымыз Даниял дүниеге келген еді. Оған туған күніне орай жасалған тосын сый қатты ұнады. Ол қарындасы дүниеге келгенін естіп қатты қуанды. Қызымыздың атын ұзақ таңдаған жоқпын. Біз соңғы сәтке дейін кімді күтіп жүргенімізді білмедік.

Дәулет екеуміз неге екені белгісіз, ұл болады деп ойладық. Бірақ есімін таңдамадық. Ал Айяның есімін қоярда Дәулетке Данэлия деген есім ұнағаны есімде. Маған Ария деген ат ұнады, бірақ ақырында біз Айяны таңдадық.

Сондықтан мен қызымызды қалай атайтынымды бірден білдім. Алла жеңілдігін берді. Бір қызық сезім болды. Құдды Дәулет қасымда сияқты. Әрдайым солай сезінемін. Ол барлық жерде маған көмектеседі" , - деп жазды ол.

Оған қоса Замира Исмаилова өзіне барынша қолдау көрсетіп, күйеуін жоқтатпай оны перзентханадан шығарып алуға келген барша жақындарына алғысын айтты.

Еске сала кетейік, қазақстандық фотограф, пранкер және Instagram желісінде 763 мың оқырманы бар танымал блогер Дәулет Бейсенбек наурыз айында жол апатынан қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971942-zol-apatynan-koz-zumgan-otandyq-blogerdin-usinsi-perzenti-duniege-keldi/