Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақстандық блогер жол апатынан көз жұмды

Опубликовано:

Дәулет Бейсенбек
Дәулет Бейсенбек. Фото: instagram.com/beisenbek_daulet

Қазақстандық фотограф, пранкер және Instagram желісінде 763 мың оқырманы бар танымал блогер Дәулет Бейсенбек жол апатынан қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қаралы хабарды Instagram желісінде танымал блогер Эльмира Төлегенова жеткізді.

"Ұйықтай алар емеспін. Дәулет қайтыс болды деп естідім. Шығармашыл, ашық жарқын адам. Оның артында екі баласы мен аяғы ауыр әйелі қалды. Оның туыстарына қайғыра көңіл айтамын", - деп жазды ол.

Жамбыл облысының полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 27 наурызда сағат шамамен 07:00-де Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолының 282-шақырымында болған.

Тараздан Алматыға қарай бағыт алған Honda Odyssey көлігінің жүргізушісі жол жиегіне аударылуға жол берген. Салдарынан 29 жастағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болған.

Ал жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі жарақатпен Меркі аудандық орталық ауруханасына жеткізілген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

KAZ.NUR.KZ редакциясы Дәулет Бейсенбектің жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1962458-tanymal-qazaqstandyq-bloger-zol-apatynan-koz-zumdy/