Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шындықтың бетіне тура қарай алмаймыз": Диана Қырықбай өзіне тіл тигізгендерге жауап берді

Опубликовано:

Диана Қырықбай
Фото: Instagram/diana_kyrykbay

Белгілі тележүргізуші Диана Қырықбай өз сұхбаттарында материалдық жағдай мәселесін көтеріп, елге жақпай қалды. Блогердің сөздері әсіресе ер адамдар қауымына ұнамай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Диана Қырықбай бұл тұрғыда өзіне сыни пікірлерді жаудырған көпшілікке жауап беруді жөн көрген. Ол Instagram парақшасында оқырмандарына видео үндеу жолдаған.

"Соңғы кездері менің жеке басым тіл тигізіп, қорлайтын азаматтар көбейіп кетті. Олар менің сөзіме өкпелі. Сенің қай жерің артық дейді.

Неге шындыққа тура қарай алмай отырсыңдар? Қарапайым жігіт қарапайым қызбен жүрсін дегенде тұрған не бар. Шындық емес пе? Өздеріңнің ақшаларың жоқ, намыстарың ғана бар. Мен ешкімді бөліп тұрған жоқпын.

Ер азаматтардан гөрі, қыздар жағы мені түсініп жатқан секілді. Көбісі қолдау көрсетті. “Көрпеңе қарай көсіл” деген қазақта жақсы сөз бар. Бірақ оны бәрі түсіне бермейтін секілді", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Диана Қырықбай ер адамдарға не себепті жоғары талап қоятынын айтып, басы дауға қалған болатын. Сөзінше, қарапайым жігіттер оны асырай алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971998-syndyqtyn-betine-tura-qarai-almaimyz-diana-qyryqbai-ozine-til-tigizgenderge-zauap-berdi/

pixel