Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

30 жасқа толған Әбдіжаппар Әлқожа туған күнін Қызылордада дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Әбдіжаппар Әлқожа тойда
Фото: Instagram/omirzaq.makhambet

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа ордабұзар отыз жасын ерекше атап өтті. Өнер иесі туған күнін Қызылорда қаласында тойлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әбдіжаппар Әлқожа "Орда бұзар отызым Ордада" деп аталған туған күн кешінде өнердегі, өмірдегі жақын достарының басын қосқан.

Мерекелік кеш Қызылорда қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен.

Өнер иесін туған күнімен құттықтап келген жұлдызды меймандар қатарында Серік Ибрагимов, Әділет Жауғашар және Әли Байжұмат сынды әншілер бар.

Олар әннен шашу шашып, әншіге ізгі тілегін арнады.

Той барысында көпшілік би билеп, көңіл көтерді. Әбдіжаппардың туған күнінде түсірілген фото және видеолар әлеуметтік желіде тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972211-30-zasqa-tolgan-abdizappar-alqoza-tugan-kunin-qyzylordada-durkiretip-atap-otti-foto-video/

pixel