Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Әнші Шакира өзіне опасыздық жасаған Жерар Пикемен айырылысып кетті

Опубликовано:

Шакира
Шакира. Фото: instagram.com/shakira

Бірқатар еуропалық БАҚ колумбиялық танымал әнші Шакираның футболшы Жерар Пикемен айырылысып кеткенін хабарлауда. Белгілі болғандай, спортшы бүгінде пәтерінде жалғыз өзі тұрып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Барселона" футбол клубының қорғаушысы Жерар Пике мен әлемге әйгілі Шакираның айырылысуына спортшының опасыздығы себеп болған. Бұл туралы испаниялық El Periodico басылымына сілтеме жасаған Mk.ru сайты хабарлады.

Басылымның ақпаратынша, Пике соңғы бірнеше апта бойы өзінің бұрынғы пәтерінде жалғыз тұрып жатыр. Футболшы көп уақытын түнгі клубтарда өзге әйелдермен өткізуде.

Спортшының бұл әрекеттері әнші арумен айырылысуына әкеп соқтырса керек.

45 жастағы Шакира мен 35 жастағы Жерар Пикенің қарым-қатынасы 2011 жылда бастау алды. Олар заңды түрде некесін қимаған. Қос ғашықтың ортақ екі ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972267-baq-ansi-sakira-ozine-opasyzdyq-zasagan-zerar-pikemen-aiyrylysyp-ketti/

pixel